Поиск по сайту

ЕЭО: Қазақстанның көлік тасымалына кең жол ашады

Иконка просмотра 20.06.2026 Иконка просмотра 254

26.06.2014

Қазақтан тасымалдаушыларының «KAZLOGISTICS» одағының бас директоры Ерхат Исқалиев:

Еуразиялық экономикалық одақ қуру туралы келісімшарт көлік саласы үшін зор мүмкіндіктер ашады. Егер Қазақстан туралы айтар болсақ, онда ең алдымен, жаңа Жібек жолының күре тамыры саналатын еліміздің көлік қуатын айтпай кету мүмкін емес. Қазақтан тасымалдаушыларының «KAZLOGISTICS» одағының бас директоры Ерхат Исқалиевпен біздің сұхбатымыз Еуразиялық экономикалық одақ нарығындағы жүк тасымалы мен логистиканың артықшылықтары жайында өрбіді.

— Ерхат Серікұлы, дүниежүзіндегі, оның ішінде бұрынғы кеңестік кезеңдегі интеграциялық процестердің маңыздылығы туралы не айтар едіңіз?

— Жаһандану процесі тәрізді аймақтық интеграция да жаңа заманның дамуын білдіретін айқындағыш тендеция. Мұндай тенденция анағұрлым тығыз экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени байланыстар мен мүдделер негізінде қарқынды дамуда. Ал Еуразиялық интеграция біздің аймақтың тұйықтығын жоюдың жолы деп ойлаймын. ТМД елдері кеңіс¬тігіндегі интеграциялық бірлестіктердің жұмыс тәжірибесін интеграциялық әлеуетті экономикалық дамудың маңызды факторы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Бұрынғы кеңестік мемлекеттердің интегрциясына ықпал етуші себептер аз емес. Осы себептердің бірі — күш-қуат пен ресурстарды бөлудің ежелден орнығып қалған жүйесіне байланысты қазіргі күні біздің елдеріміз бірінсіз бірі оқшау өмір сүре алмайды. Сондықтан да басқа елдермен сауда-саттық жасау және еңбектің халықаралық бөлінісіне қатысу экономикалық әл-ауқатқа бастайтын жолдың бірі болып табылады.

Ішкі нарықтың бір өзін бағдарға алу ел экономикасының өсуіне қажетті мүмкіндікті жасай алмайды. Бұған қоса, мемлекеттер достастығы жалпыға ортақ тиімді нарық құруға мүмкіндік беретін ірі экономикалық құрылым болып табылады. Сондай-ақ бұл — бұрынғы кеңістіктегі интеграциялық процестердің дамуын анықтайтын толық өндірістік циклді кәсіпорын.

Біздің елдің қазіргі жағдайында көлік кешені мен транзиттік әлеуетті дамытуға және интеграцияның елдің ішкі нарығындағы бәсекелестікті арттыруға ықпал ететінін жеке-дара атап өткім келеді. Мұның өзі алдағы уақытта Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру қарсаңында айрықша маңызға ие бола түспек. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі интеграциялық дамуының біртұтастығы осындай деп ойлаймын. Себебі көлік бизнесі бір елмен ғана шектеліп қалмайды және мұның халықаралық сипаты бар.

— Интеграция процесінде ұлттық органдар әзірлеген шешімдерді қабылдауға бизнес-қауымдастықтарды қатыстыру тенденциясы байқалуда. Қазақстан тасымалдаушыларының одағы ЕЭО (Еуразиялық экономикалық одақ) шешімдерін қабылдауға қатыса ма?

— Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім қабылдау кезінде үш елдің ұлттық органдарымен бірлескен іс-қимыл жағдайында әрекет ететін өзін жақсы жағынан көрсеткен ұтымды тәжірибесі бар. Өз кезегінде барлық іс-шараларды кәсіпкерлермен келісу жөніндегі ұлттық деңгейдегі міндеттеме қабылданған.

Қазақстан тасымалдаушыларының «KAZLOGISTICS» одағы ЕЭО-ның барлық нормалары мен ережелерін талқылаудың барлық процестеріне белсенді түрде қатысуда. Біз осы одақтың мәслихаттық кеңестері мен қосалқы комитеттерінде жұмыс жасаймыз. Мысалы, күні бүгінге дейін көлік, логистика және байланыс салалары бойынша 82 нормативтік құқықтық актілердің жобасын талқылауға қатыстық. Бұған қоса, жүктерді тасымалдауда темір жол көлігін ұйымдастыру қызметінің тарифтерін белгілеуде біртұтас ереже туралы келісімді, көлік логистикасын дамыту, «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы аралас және транзиттік тасымалдау туралы» заңына және т.б. заңдар мен кейбір заң актілеріне өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы мәселелерді талқылауға үлесімізді қостық. Сонымен қатар біздің одақ өзге-де ғылыми өндірістік кәсіпорындармен, салалық қауымдастықтармен бірлесе отырып, Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарт жобасының «Көлік» бөлімін редакциялау және талқылау жұмысына қатыстық. Сондай-ақ тасымалдаушылар одағы ЕЭО туралы келісімшарт жобасын талқылаған сарапшылар тобының мәжілістеріне қатысуға мүмкіндік алды. Сарапшылар тобының бас қосуы Астана, Мәскеу және Минск қалаларында өтті.

Қазіргі күні ЕЭО туралы келісімшартқа қол қойылып, біз жұмыстың кезекті кезеңіне кірістік. Қазіргі күні Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттік органдары жауапты өкілдері мен бизнес-қауымдастық кеден заңдылықтарын реформалау жөніндегі іс-қимылдарға қатысты туындаған мәселелерді талқылауда. Сөз жоқ, бұл — оңды іс!

— Үш елдің ұлттық темір жол компаниялары ОТЛК құру туралы келісімге қол қойды. Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін арттыруда бұл компания қандай рөл атқарады?

— ОТЛК көлік-логистика саласындағы орын алған проблемаларды: саланы ұзақ уақыт бойы қажетінше қаржыландырылмауы, елдердің темір жол нарығын ретке келтіру, ұлттық темір жол әкімшілігінің тасымалдау тарифіне алуан түрлі көзқарастарды реттеуді, т.б. мәселелерді шешудің құралы болып табылады.

— Сіз атап өткеніңіздей, интеграция жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстанның ЕЭО-ға қосылуы нәтижесінде көлік саласында қандай мүмкіндіктер ашылады?

— Көлік саласындағы интеграция процесінің өзіне тән өзгешелігі бар. Мұның өзі біртұтас экономикалық кеңістік жағдайында әрбір мемлекеттің интеграциялық қарқыны мен оның кезеңдеріне байланысты болады. Бұған қоса, мұның еліміздің көлік саласы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын бірқатар себеп-салдарлары бар. Бірнеше мысал келтірейін.

Біріншіден, орасан зор аумақты алып жатқан және басқа да елдермен тығыз байланысы бар Қазақстан үшін көлік-логистика жүйесін дамыту және экономиканың дамуына кереғар ықпал ететін көлік тасымалының кешігуін азайту өте маңызды. Тариф саясаты, өзге елдермен арадағы реттелген транзиттік құнды қалыптастыра білу осы саладағы негізгі кезең болып табылады. Өйткені логистикалық бизнес бір елдің аумағындағы логистикамен шектеліп қалмайды.

Біз транзиттік ел болғандықтан, өз арамызда келісілген тиімді тарифтік саясатымыз болуы қажет. Мұндай іс-шаралардың бекітілуі тасымал құнының тұрақтылығын қамтамасыз етудің кепілі болады. Бұл өз кезегінде ұзақмерзімдік келісімдерді жоспарлап, оны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жол бойында тарифтің тұрақтылығын қамтамасыз ету Қазақстан арқылы өтетін транзиттік дәліздің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. «Тойота», «Хюндай» тәрізді әлемдік-деңгейдегі басқа да ірі компаниялардың басты талабы сапалы қызмет көрсету мен жүктің сақталуын қамтамасыз ету екендігі, ақиқат. Қойылатын талаптарға, қызмет көрсету мен кепілдікке біртұтас көзқарасты қалыптастыру, жүк тасымалдау тиімді бағыт-бағдарын әзірлеу шығындарды оңтайландыруға жол ашумен қатар Қазақстанның көлік саласын дамытуға қолайлы әсер етеді.

Екіншіден, шетел инвесторларының 25-кеңесінде Н. Назарбаев ұсынған «Жаңа Жібек жолы» жобасын ЕЭО шеңберінде әрі қарай жүзеге асыруға мүмкіндік туады. «Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасын іле-шала ҚХР-дың басшысы Си Цзиньпин қол-дады. Осыған орай қазіргі күні стратегиялық бағыт-бағдарды белгілеуде Кедендік одақ бағдары және сондай-ақ Біртұтас экономикалық одақтың ішкі шаруашылық дамуы үшін көлік-логистика базасын құру көкейкесті мәселе болып табылады

Үшіншіден, теңізге жол ашылады. Теңіз тасымалдың ең арзан түрі болып табылады. ЕЭО жағдайында Қара теңіз бен Балтық теңізіне шығу арқылы халықаралық теңіз тасымалын дамытуға мүмкіндік туады.

Міне, осы факторлардың барлығы көлік саласын дамытуға оңды ықпал етеді. Сонда көлік бизнесінің ерекшелігі неде?

Еуразиялық экономикалық кеңістік елдерінің көлік-логистика секторы айрықша қолдауды қажет етіп отырғаны белгілі. Себебі елдердің арасындағы кедергілер қосымша шығынға әкеп соғып, көлік секторының жұмыс тиімділігін едәуір төмендетуде.

Елбасының «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ базасында транзиттік хаб құру жөніндегі тапсырмасы негізіндегі бұл мәселе айрықша көкейкесті мәселеге айналып отыр. Мемлекет басшысы қойған міндеттердің барлығы да жүйелік сипатқа және айрықша стратегиялық маңызға ие. Мұнда ол Қазақстан Респуб¬ликасының көлік саласын дамыту мен транзиттік әлеуетін пайдалануға ерекше мән берді.

Көлік қызметінің ортақ нарығы мен біртұтас көлік жүйесін құру және ЕЭО мүшелері елдерінің транзиттік әлеуетін іске қосу ОТЛК-ны жүзеге асырудың маңызды элементі болып табылады. Сондықтан ЕЭК барлық аймағында Кедендік одақ елдері арқылы өтетін маңызды транзиттік дәлізді қамтамасыз ете отырып, контейнерлік жүктерді «бір терезе» қағидасы бойынша сапалы көлік-логистика қызметімен қамтамасыз ету қажет. Бұл — ЕЭК елдерінің маңызды көлік активтерін дамыту мен модернизациялауға мүмкіндік береді.

— ЕЭО шеңберінде көлік саласының даму болашағын қалай бағалар едіңіз?

— Меніңше, Қазақстанның ЕЭО-ға енуі өзара тиімді тауар саудасы мен қызметтердің дамуына, жұмыс күшінің қозғалысына, ЕЭО-ға мүше-елдермен стратегиялық әріптестікке соны серпін береді

Атап айтқанда, тауар өткізетін алып нарықтың, жаңа бағдарлардың пайда болуы, әлемдік стандарттарға сәйкес көзқарас, қызмет көрсету, кепілдік тәрізді жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуы, бұл — ЕЭО шеңберінде Қазақстанды Дубай және Сингапурдың өндірістік хабы тәрізді көлік-логистика хабына айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл орталықтарда тауарды шетке шығару мен елге енгізуге қолайлы жағдай жасалады. Сөйтіп, кез келген тауарды қалаған уақытыңда алуға мүмкіндік болады. Алайда еліміздің бәсекелестігін арттыру үшін шикізаттық емес секторды дамыту керек. Сонымен, транзит дегеніміз геополитикалық әлеуетті жүзеге асырудың құралы болып табылады. Қазірдің өзінде қыруар жұмыс жасалды. Ең бастысы, қол жеткен уағдаластықтар қағаз күйінде қалып қоймай, керісінше, нақты іске, жобаларға, біздің елдеріміз арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жалғасса, нұр үстіне нұр.

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің
Сұхабаттасқан Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ

Популярные
Строительство железной дороги в обход Алматы идет по графику
Строительство железной дороги в обход Алматы идет по графику   Реализация проекта «Стро...
Международный контейнерный форум "ESE ASIA-2024”
Международный контейнерный форум "ESE ASIA-2024”   Единый Слёт Экспедиторов (ЕСЭ) и К...
Приглашение к участию в первом заседании Казахстанско-Армянского Бизнес Форума
Уважаемые предприниматели! Внешнеторговая палата Казахстана приглашает Вас принять участие в перв...
Встреча Заместителя Премьер-Министра Жумангарина С.М. и Председателя Народного правительства СУАР КНР Э. Тунияза
26 марта Генеральный директор СТК "Kazlogistics" Талгат Лесов принял участие в онлайн встрече Заме...
Наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!Құрметті әріптестер, достар мен серіктестер!Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні ...
Инвестиционный бум в транспортной инфраструктуре Казахстана
В 2023 году сектор транспорта и складирования в Казахстане продемонстрировал рекордный приток инвест...
Книга проблем транспортной отрасли по состоянию на март 2024 года
Актуальную книгу проблем по состоянию на март 2024 года можно скачать по ссылке СКАЧАТЬ КНИГУ ПРОБЛЕ...
Международный аэропорт Астана получил международный сертификат аудита ISAGO
Астана, 14 марта АО "Международный аэропорт Нурсултан Назарбаев" успешно прошел первый международны...
Совещание по проблемным вопросам судостроительной отрасли состоялось в Министерстве транспорта РК
11 марта 2024 года в Министерстве транспорта РК под председательством вице-министра Калиакпарова М...