Клуб жайлы Президиум Форум TOP 30

KAZLOGISTICS жастар саясаты

«KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік Одағы көліктік-логистикалық саладағы кадрларды даярлаудың үдемелі рөлін есепке ала отырып, көліктік-логистикалық саладағы студенттермен және жас мамандармен кең жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр:

  1. Жоғарғы оқу орындары, колледждер, кәсіпорындар және Болашақ бағдарламасы жанынан Қазақстанның жас көлік мамандарының Клубы құрылатын болады. Клуб мүшелерінің тұрақты қарым-қатынасы әлеуметтік жүйелер мен оқыту іс-шараларын өткізу арқылы өткізіледі деп жоспарланған. Клуб мүшелері үшін сала кәсіпқойларының мастер класстары және мамандардың дәрістері өткізілетін болмақ.
  2. Клуб қатысушыларынан Kazlogistics Қазақстанның көлік Одағының кадрлық қоры іріктілетін болады. Бұл үшін 100 таңдаулы жас маман іріктеліп, олар болашақта Қазақстанның көліктік-логистикалық саласындағы жұмыс үшін тартылатын және бұдан арғы кәсіби білім алу мақсатымен сынақ мерзіміне жіберілетін болады.
  3. Жыл сайын Қазақстанның жас көлік мамандарының Форумы өткізіліп тұрмақ. Аталмыш Форум жұмысы барысында саланың жетекші сарапшыларымен мастер класстар, баяндамалар және сұхбаттар өткізіледі деп көзделіп отыр. Жаңа құатысушыларды 100 жас маман қатарына қабылдау шарасы, сонымен қатар ғылыми жұмыстарды, инновациялық зерттеулерді және жобаларды марапаттау шарасы өткізілетін болмақ.

Жалпы алғанда «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік одағының жоспары төмендегідей бағытта анықталды:

  • студенттерді, магистранттарды, аспиранттарды (РhD) оқытуға және профессорлық-оқыту құрамдарымен білім алмасуға көмектесу;
  • өзара қызығушылық тудыратын салаларда ғылыми қызметтестікті орнатуға көмектесу;
  • магистранттардың, аспиранттардың және профессорлық-оқыту құрамдарының ғылыми біліктілігін арттыру жолында өзаракөмектесу;
  • оқытудың озат әдістерін дамыту тәжірибесімен бөлісу;
  • ТиПО, соның ішінде «www.kazlogistics.kz» сайтында мамандандырылған оқу орындарының 100 таңдаулы түлегінің мәліметтер базасын құру;
  • көліктік сала ұйымдарындағы жұмысқа тартуда болжам жасау және жоспарлау;
  • жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары бойынша жарияланымдармен және материалдармен алмасуға ықпал ету;
  • екіжақты ортақ симпозиумдарды, семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру;
  • ортақ жобалар мен бағдарламаларды жүргізу;
  • оқытудың барлық деңгейлері үшін ортақ білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;
  • қауымдасу және тікелей байланыстар негізінде магистранттар мен аспиранттармен (PhD) ортақ ғылыми басшылықтарды жүзеге асыру;
  • жоғарғы оқу орны оқу жоспарының ортақ талдауын жүргізу;
  • Бизнес құрылымдардан көліктік саланың барлық түрлері мамандарының қажеттіліктеріне қатысты ұсыныстар жинау;
  • Startup Transport Innovations конкурсын өткізу;
  • көліктік-логистикалық саланың нақты проблемаларын зерттеу және шешу бойынша ғылыми жұмыстар конкурсы.

Таныстыру рәсімі
Таныстыру рәсімін
көшіріп алу
Adobe PDF (1,46 Mб)