Международная торговля
Doing business the world bank

«Бизнесті жүргізу» жобасы жайлы

«Бизнесті жүргізу» жобасы 189 мемлекетте, сонымен қатар субұлттық және өңірлік-деңгейдегі бөлек қалаларда кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді және олардың орындалуын әділ бағалауға мүмкіндік береді.

Жүзеге асырылуы 2007 жылы бастау алған «Бизнесті жүргізу» жобасы ұлттық шағын және орта кәсіпорындардың қызметтеріне және олардың қызметтерін реттейтін нормативтік актілерді бағалауға арналып отыр. «Бизнесті жүргізу» жобасын зерттеу әдіснамасы мен шығындар талдауының үлгілік моделі кәсіпорындарды қызметтерінде мемлекеттердің нормошығармашылығына әсерін бағалау үшін түрлі елдерде қолданылатын жалғыз үлгілік құралдар болып табылады.

Зерттеу шаралары аясында елдер арасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеу жағдайларын және динамикасын салыстыруға арналған жан-жақты көлемдік мәліметтерді жинау және талдау жүзеге асырылады. Осылайша, «Бизнесті жүргізу» жобасы тиімді реттеуге итермелейді, реформаларды өткізу үшін өлшемдік бағыттарды қамтамасыз етеді және жеке сектордан ғалымдар, тілшілер, зерттеушілер және әр елдің іскерлік климатына қызығушылық білдіретін өзге тұлғалар үшін қор қызметін атқарады.

Қазақстанда бизнесті жүргізудің оңайлығы

ЕЛДЕРГЕ ШОЛУ

ӨҢІР Еуропа және Орталық Азия
КІРІСТЕРДІҢ ДЕҢГЕЙІ Орташадан жоғары кіріс
ТҰРҒЫНДАР 16 797 459
ОРТАША ЖАН БАСЫНА ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ
КІРІС (АҚШ ДОЛЛАРЫНДА)
9 730
ЗЕРТТЕЛЕТІН ҚАЛА Алматы

50

Бизнес 2014
рейтинг

53

Бизнес 2013
рейтинг***

3

рейтингтің
өзгеруі

62,65

Бизнес 2014 ПР**
(% пункт)

62,22

Бизнес 2013 ПР**
(% пункт)

0,43

ПР қатынасында
айқындаманы жақсарту**
(% пункт)

Рейтинг

Тақырыптар DB 2014 Рейтинг DB 2013 Рейтинг Рейтингтің өзгеруі
Кәсіпорындарды тіркеу 30 27 -3
Құрылысқа рұқсат алу 145 149 4
Электр қуатының жүйесіне қосылу 87 85 -2
Меншікті тіркеу 18 27 9
Несиелеу 86 82 -4
Инвесторларды қорғау 22 21 -1
Салық салу 18 18 Өзгерусіз
Халықаралық сауда 186 186 Өзгерусіз
Шарттар орындалуын қамтамасыз ету 27 26 -1
Төлем қабілетсіздігіне рұқсат 54 55 1

DOING BUSINESS рейтингісіндегі Қазақстанның айқындамасы

Халықаралық сауда

186

DB 2014 РЕЙТИНГ

186

DB 2013 РЕЙТИНГ***

0

рейтингтің өзгеруі

3,79

DB 2014 ПР** (% ПУНКТ)

3,91

DB 2013 ПР** (% ПУНКТ)

-0,12

ПР қатынасында
айқындаманы жақсарту**
(% ПУНКТ)

Рейтинг

Индикатор Қазақстан Еуропа және Орталық Азия ОЭСР
Экспортқа арналған құжаттар (саны) 10 7 4
Экспортқа арналған уақыт (күндерде) 81 25 11
Экспорттың бағасы (US$ контейнер үшін) 4 885 2 109 1 070
Импортқа арналған құжаттар (саны) 12 8 4
Импортқа арналған уақыт (күндерде) 69 26 10
Импорттың бағасы (US$ контейнер үшін) 4 865 2 339 1090

Тауарлар қатынасындағы рұқсаттар

Өнім:

  • Қауіпті болып табылмайды және әскери мақсаттағы заттарды қамтымайды.
  • Салқындатуды немесе тасымалдаудың өзге ерекше жағдайларын талап етпейді.
  • Өнімге жалпы қабылданған халықаралық стандарттардан басқа, фитосанитариялық бақылаудың арнайы талаптарын немесе қоршаған орта үшін қауіпсіздік қатынасында арнайы талаптарды қолдануға болмайды.
  • Ел экспортының немесе импортының негізгі мақалаларының бірі болып табылады.

Компания қатынасындағы рұқсаттар


Компания:

  • Қызметкерлерінің саны 60-тан кем емес.
  • Елдің ірі іскерлік орталығы болып табылатын қалада қызмет жүргізеді.
  • Жауапкершілігі шектеулі жеке меншік компания болып табылады. Экспортқа шығарылатын тауарлар өндірісінің аймағында немесе экспорт немесе импорт бойынша арнайы жеңілдіктер таратылатын өнеркәсіптік аймақта операцияларды жүргізбейді.
  • Шетел иелері жоқ отандық компания болып табылады.
  • Экспорт көлемі сатылымдардың жалпы көлемінен 10 пайыздан астамын құрайды.

Құжаттар


Тауарлар экспортының немесе импортының әр партиясы үшін қажетті барлық құжаттар есепке алынады. Жаңа шарт тауардың әр партиясы үшін дайындалып, ол екі жақпен келісілген және ресімделген болып есептеледі. Сәйкес ведомстволармен, соның ішінде мемлекеттік министрліктермен, кемежай және кеден әкімшілігімен, сонымен қатар бақылау органдарымен келістіру үшін қажетті құжаттар есепке алынады.

Теңізге шығысы жоқ елдер үшін бұған қоса, өтпелі экономикасы бар елдердің өкіметімен талап етілетін құжаттар да есепке алынады. Төлем аккредитивпен жүзеге асырылғандықтан, аккредитивті ұсыну немесе қамтамасыз ету үшін банктермен талап етілетін барлық құжаттар назарға алынады.

Кедендік бақылау процессінде сұрау салынатын, алайда бір жылдың ішінде немесе бір жылдан аспайтын уақыт ішінде әрекет ететін және әр сауда партиясын (мысалы, салықтарды төлеу жөніндегі жыл сайынғы сертификат) өңдеу кезінде қалпына келтіруді талап етпейтін құжаттар есепке алынбайды.

Жеңілдік тәртібінің мақсаттары үшін қажетті құжаттар енді есепке алынбайды. Мысалы, пайда болу жөніндегі куәлік. Егер оның қолданылуы сауда шарттарының аясындағы жеңілдікті тарифтік мөлшерлемеге үміттену үшін байланысты болса. Десек те, экспорттаушы өзінің сауда серіктесі үшін пайда болу жөніндегі куәлікті үнемі алып отыратыны болжам. Сәйкесінше, аталмыш куәлікті алу уақыты мен шығындар экспортқа арналған уақыт пен шығындардың жалпы есебіне енгізілетін болады.

Уақыт шығындары


Экспорт пен импортқа жұмсалатын уақыт шығындары күнтізбелік күндерде көрсетіледі. Уақыттың саналуы процедурадан өту сәтінен басталып, оның аяқталуымен тәмәмдалады. Егер процедарадан өту қосымша төлем арқасында жылдамдылатын болса және бұл мүмкіндік барлық сауда компанияларына қолжетімді болса, жеделдетілген процедура нұсқасы есептеледі. Алайда, ол заңды болуы тиіс.

Экспортқа шығарылатын тауарлар өндірісінің аймақтарында орналасқан фирмалар қатынасында немесе өкілетті шаруашылық субъекттерінің бағдарламаларына сәйкес нақты тіркелген фирмалар қатынасында ғана қолданылатын нысаншылықтан жедел өту процедуралары бірқатар сауда компаниялары үшін қолжетімсіз болғандықтан, назарға алынбайды. Теңіз тасымалдауларымен байланысты уақыт есептелмейді. Экспорттаушы мен импорттаушы жедел әрекет етеді және қалған процедураларды тезірек аяқтауға ниет білдіреді. Бір уақытта өтуі мүмкін процедуралар біруақыты процедуралар ретінде есепке алынады. Бұл ретте, құжаттарды даярлау, ел ішінде тасымалдау, кедендік және өзге-де нысаншылықтардан тазалау, сонымен қатар кемежайлар мен терминалдарда тиеу-түсіру жұмыстары әр операция үшін, кем дегенде, бір күн жұмсалуы керек екені белгілі. Сол себепті-де, олар біруақытылы жүзеге асырыла алмайды.

Шығындар


Шығындар, АҚШ долларында 20-футтық контейнер үшін алынатын алымдарды қамтиды. Тауарлардың экспорты немесе импорты жөніндегі процедуралардан өтумен байланысты барлық алымдар есепке алынады. Оларға құжаттарды рәсімдеуге арналған шығындар, кедендік тазалау мен тексеруге қатысты әкімшілік алымдары, кедендік брокерлердің комиссиялық алымдары, кемежаймен және ішкі тасымалдаулармен байланысты шығындар жатады. Теңіз тасымалдауларына қатысты кедендік тарифтер мен баж есепке алынбайды. Бұл ретте, тек ресми шығындар ғана есепке алынады.

Бұған қоса, «Бизнесті жүргізу» жобасы нақты елдің түрлі қалалары мен өңірлерінде кәсіпкерлік қызмет пен реформаларды реттеудің жан-жақты талдауы жасалатын толық субұлттық баяндамаларды ұсынады. Аталмыш баяндамалар бизнесті жүргізу-деңгейіне, әр өңірдің рейтингісіне және көрсеткіштердің құрамдас бөліктерін қамтитын тақырыптық санаттардың әрқайсысын бағалауды арттыру үшін өткізу кеңесі берілетін реформаларға қатысты мәліметтерді қамтиды. Қала зерттеуінің қатысушылары кәсіпкерлік қызметті реттеудің әрекеттегі нормаларын елдің немесе өңірдің басқа қалаларымен, сонымен қатар «Бизнесті жүргізу» жобасының рейтингісіне енгізілген 189 елдің қалаларымен салыстыра алады.

2003 жылы жарыққа шыққан «Бизнесті жүргізу» жобасының алғашқы баяндамасы 133 мемлекетке қатысты көрсеткіштердің 5 жиынтығын қамтыған болатын. Биылғы жылдың баяндамасы 189 ел бойынша көрсеткіштердің 11 жиынтығын қамтып отыр. «Бизнесті жүргізу» жобасы үкіметтер өкілдерінің, ғалымдардың, тәжірибе жүргізуші мамандардың және сын берушілерінің үндеулерін қолдаумен толықтырылады. Жобаның нақты мақсаты өзгертусіз қалуда: бүкіл әлем бойынша кәсіпкерлік қызметтің нормативтік-құқықтық реттеу жүйесін түсіну және жетілдіру үшін әділ негіз беру.