Біз жайлы Президиум Одақ мүшелері ҰКП Құрылымы

«М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» (ҚазККА)

Бүгінгі күні М.Тынышбаев атындағы ҚазККA — бұл Қазақстанның теміржол және автомобиль көлігі үшін, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар, сондай-ақ еліміздің қаржы-экономикалық құрылымдары үшін мамандар даярлайтын теміржол, автомобиль, су көлігі мен коммуникациялар мамандықтары мен орта (негізгі) білім негізінде бакалавриат мамандығы және магистратура бағдарламасы бойынша маманданған техникалық жоғары оқу орны.

Академия студенттердің болашақ тәжірибесімен максималды байланысқан жалпы білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, заманауи материалдық техникалық негізі бар, мамандандырылған профессорлық-оқытушылар құрамы бар көп бейінді оқу орны болып табылады.

Академия қызметі 2005/2010 жылдарға арналған білім беру дамудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес белгіленген міндеттері шешуге бағытталған, мемлкеттік көлік-коммуникациялық кешенін жоғары мамандандырылған студенттермен қамтамасыз етуге бағытталған.

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының келесі факультеттері бар.

  • «Көлік техникасы» Факультеті
  • «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» Факультеті
  • «Жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік-гуманитарлық дайындық" Факультеті
  • «Тасымалдауды ұйымдастыру және логистика» Факультеті
  • «Құрылыс» Факультеті
  • «Экономика» Факультеті

Тарих

— 1956 год -Ташкентте орналасқан Орта Азия теміржол көлігі инженерлері институтының Алматыдағы оқу-консультациялық пункті ашылған сонау 1931 жылдан бастау алады.

— 1976 жылы осы филиалдың негізінде Алматы теміржол көлігі инженерлері институты филиалы (АлИИТ) құрылды.

— 1976 жылы темір жол көлігі инженерлерінің тапшылығынан филиал Алматы темір жол көлігі инженерлері институтының құрылуына негіз болды.

— 1996 жылғы 7 мамырда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Алматыдағы екі жоғары көлік оқу орнының — Алматы теміржол көлігі инженерлері институты мен Алматы автомобиль-жол институтының — негізінде Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы ұйымдастырылды.

— 2000 году Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына атақты инженер — жол қызметкері Мұхаметжан Тынышпаевтың аты берілді.