Жаңалықтар Баспасөз хабарламалары Сұхбаттар және сөз сөйлеулер Фотосуреттер галереясы «Транс Logistics» журналы Бейнегалерея Оқиғалар күнтізбесі

Еуропа мен Азияны біріктіре отырып

08.12.2015

Еуропа мен Азияны біріктіре отырып

3 желтоқсан күні Одесса қаласында «Еуропа мен Азияны біріктіре отырып: трансконтинеттік маршруттар жүйесін қалыптастыруға деген жаңа көзқарас» атты Халықаралық форум болып өтті. Аталмыш іс-шара барысында тасымалданатын жүк мерзімдерін қысқартуға, оның сақтылығын арттыруға және шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік беретін Азиядан Еуропаға логистиканың ең оңтайлы деген сызбаларын құрастыру сұрағы кеңінен талқыланды. Форум қатысушылары теміржолдың және су көлігінің мүмкіндіктерін барынша пайдаланумен тасымалдаулардың мультимодальдік сызбаларын дамыту болып табылатынына басты назар аударды.

«Қазіргі таңда тасымалдаулар Суэцкий арнасы, Босфор арқылы Үндістанды айнала мұхиттық кемелермен жүзеге асырылып, бұл айтарлықтай ұзақ және қымбат болғандықтан, құрлықтағы жолмен қатар, әжептәуір жақын әрі бәсекеге қабілетті жолды құру міндеті тұр. Құрлықтағы теміржол маршруттары — олар тезірек, алайда анасы да, мынасы да, жойылмауы тиіс. Тиімдісін жүк иесінің (сатып алушы және сатушы) өзі шеше жататын болар», — деді форум қатысушысы, БАСПА Қара және Азов теңіздері жанынадағы кемежайлар Қауымдастығының атқарушы директоры Георгий Токман.

Нәтижесінде, бизнеске инфрақұрылым инвестицияларына арналған бағыттарды беру үшін украиналық кемежайлар арқылы жүк жүрісінің болашағын бағалауға қытайлық сарапшыларды қатыстыру келісіміне қол жеткізілді. Форумның жұмысына «Жаңа Жібек жолы» жобасының басты қатысушылары, ондаған мемлекет өкілдері қатысқанын атап өткен жөн.

Украинаның Инфрақұрылым министрлігі мен Қытай Сауда Қауымдастығы көлік саласындағы қызметтестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Халықаралық форум аясында виза қойылған құжат екіжақтық сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәнмәтінінде көлік және инфрақұрылым сұрақтары бойынша Украина-Қытай қызметтестігін дамытуға бағытталса керек.

Меморандумның мәтінінде атап өтілгендей, тараптар екі елді біріктіретін көліктік дәліздер жүйесін дамыту арқылы көлік саласындағы инновациялық-инвестициялық қызметтестікті (соның ішінде «Жаңа Жібек жолы» жобасының шеңберінде) нығайтуға ниет білдірді. Қызметтістік тәртібіндегі сұрақтар: Қытай мен Украина арасындағы тасымалдаулар саласында өзіратиімді логистикалық шешімдерді қалыптастыру; екіжақтық жүк қатынасы саласында техникалық тосқауылдарды және өзге бөгеттерді анықтау және оларды жою шараларын жасау; Украина аумағында инфрақұрылымдық және көліктік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған инвестицияларды тарту. Қазақстан «Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік көпір» болғандықтан, аталмыш бастама еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуға жағымды әсер етпек.

Қазақстанның Көлік одағынан аталмыш іс-шараға бас директор Қ.Әлмағамбетов қатысып, Қазақстанда жүктерді тасымалдау кезінде әкімшілік тосқауылдарды азайту жолында қабылданатын шаралар жайлы хабарландырып өтті.

 

Қазақстанның «KAZLOGISTICS» Көлік одағының баспасөз қызметі



Тізімге оралу