Жаңалықтар Баспасөз хабарламалары Сұхбаттар және сөз сөйлеулер Фотосуреттер галереясы «Транс Logistics» журналы Бейнегалерея Оқиғалар күнтізбесі

ҚР ҰКП Президиумының Көлік, логистика және байланыс комитетінің төрағасында мәжіліс өткізілді

11.03.2015

ҚР ҰКП  Президиумының  Көлік, логистика және байланыс  комитетінің төрағасында мәжіліс өткізілді

2015 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік, логистика және байланыс комитеті Президиумының Төрағасы А. У. Маминде «ҚР азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» мәжіліс өтті.

Кездесуге логистика және тасымалдау комитетінің төрағасының орынбасары Ю. И. Лавриенко, ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары М. А. Дузбаева, «KAZLOGISTICS» ҚКО бас директоры К. Е. Альмағамбетов, «AMG» ЖШС бас директоры Клод Бадан, «Авиакомпания «SCAT» АҚ даму жөніндегі вице-президент Д. Г. Хамзин, «Эйр Астана» АҚ президентінің кеңесшісі Е. О. Рахметов, Қазақстандық кіші авиация ассоциациясының төрағасы У. Ж. Кенесбаев, «AMG» ЖШС бас директорының орынбасары Д. А. Мамеков, «KTZ EXPRESS» атқарушы директоры Б. А. Наурызалиев, «Аэропорт Сары Арқа» АҚ Басқарма төрағасы В. А. Безродный, Табиғи монополияны реттеу мен бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары А.Джумабаев қатысты.

Мәжіліс барысында авиатасымалдауларды мемлекеттік реттеуді ырықтандыру, Қазақстан аэропорттарын дамыту, Қазақстан авиакомпанияларының авиа нарықта бәсекеге қабілеттілігін дамыту, Қазақстанда E-freight жлбасын енгізу, кіші авиацияны дамыту бойынша мәселелер талқыланды.

Өз баяндамаларында ҚР ҰКП көлік, логистика және тасымал комитетінің азаматтық авиация жөніндегі шығын комитет төрағасы Б. М. Наурызғалиев, «Скат» АҚ-ның даму жөніндегі вице-президенті Д. Г. Хамзин, «Airport management group» ЖШС бас директоры Клод Бадан, «Эйр Астана» АҚ президентінің кеңесшісі Е. О. Рахметов авиа қызмет көрсетуді одан әрі дамытуға кедергі болатын негізгі проблемалар туралы сөз қозғап, мәжіліске қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

Нәтижесінде нормативтік -құқылық базаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар шығарылды, проблемалы сұрақтарды шешу бойынша мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеудің нақты шаралары белгіленді.

Анықтамалық:

«KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік Одағы  бұл Қазақстанның көліктік және логистикалық ұйымдар одағы мен ассоциациясы, ҚР көлік логистикасын, ғаламдық транзиттік әлеуетті дамытудың және барлық көлік түрлері синергетикасының қоғамдық үйлестірушісі болып табылады. Көліктік-логистикалық жүйені (КЛЖ)дамыту және жеке -мемлекеттік серіктестікті дамыту бойынша мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасау, заңнамалық және құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, көліктік қызмет көрсету саласында жобаларды іске асыруда KAZLOGISTICS мүшелерін қолдау, аймақта мультимодальдық көлік тасымалын дамыту, логистика саласында инновацияны енгізу бойынша көмектесу, сондай-ақ Қазақстанның КЛЖ әлемдік көлік жүйесіне бірігуіне және алға жылжуына көмектесу «KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік одағының міндеттері болып саналады. Бүгінгі күнде одақтың 550 компаниясының нақты мүшелері болып саналатындар: Globalink Logistics Group, «Трансистема» ХЭК ЖШС, «Кедентранссервис» АҚ, «Казтранссервис» АҚ, «Казтемиртранс» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «АТАСУ» ХЭК ЖШС, «Авиакомпания «SCAT» АҚ, «ЭТК-Транс» ЖШС, Исткомтранс ЖШС, КАО, НО ЮЛ «АПМТ және т.б. Оның құрылтайшылары: «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Қаз ТОА, Қаз Амо, АМЭК, «KTZ -Express».

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы — Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттiк билiк органдары арасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру және өзара тиiмдi әрiптестiктi дамыту үшiн қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсiпкерлердiң және заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бiрлестiктерiнiң қызметiн ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсiпкерлiк субъектiлерi одағын бiлдiретiн коммерциялық емес, өзiн-өзi реттейтiн ұйым;

Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағының баспасөз қызметі



Тізімге оралу