Жаңалықтар Баспасөз хабарламалары Сұхбаттар және сөз сөйлеулер Фотосуреттер галереясы «Транс Logistics» журналы Бейнегалерея Оқиғалар күнтізбесі

«KAZLOGISTICS» ҚКО, «БКЛК» АҚ және ірі көлік компанияларының кездесуі болды

06.02.2015

«KAZLOGISTICS» ҚКО, «БКЛК» АҚ және ірі көлік компанияларының кездесуі болды

2015 жылдың 4, ақпанында Қазақстанның «KAZLOGISTICS» Көлік одағы, «Біріктірілген көліктік -логистикалық компания» АҚ мен ірі көлік компанияларының кездесуі өтті.

Кездесуге «KAZLOGISTICS» ҚКО бас директоры К. Е. Альмағамбетов, «БКЛК» АҚ бірінші вице-президенті Е. С. Искалиев, «Трансконтейнер» КАҚ мүлікті басқару жөніндегі құқықтық мәселелер жөніндегі директоры В. Н. Марков, «БКЛК» АҚ коммерция жөніндегі вице-президенті А. В. Подылов, «Кедентранссервис» АҚ вице-президенті Ю. В. Сукманов, «KAZLOGISTICS» ҚКО бас директордың орныбасары И. К. Садвокасова, «Транко» АҚ өкілеттілігінің басшысы Казбек Алихеров, MSC Central Asia ЖШС директоры, «Юнико Казахстан» ЖШС директоры қатысты.

Кездесу барысында БКЛК қызметінің негізгі бағыттары, экспедиторлармен ынытмақтастық жөнінде жүргізу, бағыттардың дамуы, жеңілдіктер бойынша теміржол әкімшілігмен жұмыс барысы, контейнеризация бағыты бойынша вагондардың қазақстандық жеке меншік иелерін жұмылдыру бойынша мәселелер талқыланды.

«БКЛК» АҚ коммерция жөніндегі вице-президенті А. В. Подылов өз баяндамасында компанияның көліктік активтері, бизнестің негізгі параметрлері, негізгі міндеттер, транзиттік контейнерлік тасымалды дамыту, Oracle базасында бірыңғай, ақпараттық жүйені қолдану туралы жан-жақты айтып өтті.

«БКЛК» АҚ бірінші вице-президенті Е. С. Искалиев халықаралық жоба, Еуропа мен Қытай арасындағы тасымалдауды арттырудағы БКЛК рөлі және теміржол транзитін дамыту барысы туралы айтты.

Ол өзінің сөзінде: «БКЛК басқа компанияларды шеттетпейтінін көлік бизнесі түсінуі керек. Ұлттық транс компаниямен өзге-де компаниялар тығыз байланыста бірлесе жұмыс істейді. БКЛК локомотив сияқты алда жүріп, бәрін өз артынан тартып жүреді. Тарифпен, технологиямен, кедендік ресімдеумен байланысты біріктірілген жобалар көп болған сайын клиенттерге-де жақсы қолайлы және біздің бизнес-үлгіде бар көлемдер тез болған сайын нақты цифрлар көрінетін болады», — деді.

Негізінен, кездесу, ақпараттық сипатта өтті, сондай-ақ кездесу барысында «Біріктірілген көліктік-логистикалық компания» АҚ мен Қазақстанның «KAZLOGISTICS» Көлік одағы арасындағы болашақтағы өзара ынтымақтастығы талқыланды.

Анықтамалық:

«KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік Одағы — бұл Қазақстанның көліктік және логистикалық ұйымдар одағы мен ассоциациясы, ҚР көлік логистикасын, ғаламдық транзиттік әлеуетті дамытудың және барлық көлік түрлері синергетикасының қоғамдық үйлестірушісі болып табылады. Көліктік-логистикалық жүйені (КЛЖ)дамыту және жеке -мемлекеттік серіктестікті дамыту бойынша мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасау, заңнамалық және құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, көліктік қызмет көрсету саласында жобаларды іске асыруда KAZLOGISTICS мүшелерін қолдау, аймақта мультимодальдық көлік тасымалын дамыту, логистика саласында инновацияны енгізу бойынша көмектесу, сондай-ақ Қазақстанның КЛЖ әлемдік көлік жүйесіне бірігуіне және алға жылжуына көмектесу «KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік одағының міндеттері болып саналады. Бүгінгі күнде одақтың 550 компаниясының нақты мүшелері болып саналатындар: Globalink Logistics Group, «Трансистема» ХЭК ЖШС, «Кедентранссервис» АҚ, «Казтранссервис» АҚ, «Казтемиртранс» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «АТАСУ» ХЭК ЖШС, «Авиакомпания «SCAT» АҚ, «ЭТК-Транс» ЖШС, Исткомтранс ЖШС, КАО, НО ЮЛ «АПМТ және т.б. Оның құрылтайшылары: «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Қаз ТОА, Қаз Амо, АМЭК, «KTZ -Express».

Біріктірілген көліктік-логистикалық компаниясның идеясы Кедендің одақты құруды жалғастыру және Ресей, Беларуссия және Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.

БКЛК негізінде Бірыңғай көліктік-логистикалық жүйесі БЭК мүше елдерінің экономикасын біріктіруге күшті күш береді,өндірістің дамуына, жұмыс орындарының ашылуына, шикізат емес секторда ЖІӨ ұлғаюына және басқа да көптеген нәтижелерге ынталандырады.

2013 жылдың 8, ақпанында «РТЖ» ААҚ Президенті Владимир Якунин мен Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфроқұрылым жөніндегі алқа (министр) мүшесі Даниал Ахметовтың кездесуі аясында Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің көліктік жүйелері интеграциясының негізгі механизмі ретінде біріктірілген көліктік-логистикалық компаниясын (БКЛК) құру мәселесі талқыланды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша орнықты мультимодальды көлік жүйесін қалыптастыруға негіз ретінде БКЛК құру жөнінде бастамаларды қолдауға шешім қабылданды. Осындай мақсатпен Еуразиялық экономикалық комиссия, Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке керетін мүше-мемлекеттердің теміржол көліктері ұйымдары мен өкілеттік органдарының уәкілдерінен бірлескен жұмыс тобын құруға шешті.Осындай көліктік -логистикалық жүйені дамытудың негізгі мақсаттары «толассыз» тарифтерді белгілеу, қызметтердің бірыңғай стандарттарын өңдеу саласында келісілген саясат есебінен тұрақты бағаны белгілеу.

«Кедентранссервис» АҚ — Қазақстан Республикасындағы логистикалық терминалдарының жетекші операторы, көлік-логистикалық нарығында 15 жылдан астам уақыт қатысып отыр. Компания жүктердің терминалды өңдеу саласында бірегей активтері мен құзырына ие, сонымен бірге, «Достық» шекералық станциясында Қытайдан келген жүктерді қайта тиеу бойынша озық топтарының ішінде. Компания терминалдары Қазақстаннның ірі қалалары мен аймақтарында орналасқан.

Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағының баспасөз қызметі



Тізімге оралу