Жаңалықтар Баспасөз хабарламалары Сұхбаттар және сөз сөйлеулер Фотосуреттер галереясы «Транс Logistics» журналы Бейнегалерея Оқиғалар күнтізбесі

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясат аясында көліктік инфроқұрылымды дамыту

06.02.2015

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясат аясында көліктік инфроқұрылымды дамыту

Палата Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаеваның қатысумен болған Экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатының аясында көлік инфроқұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.

Кеңейтілген отырыста ҚР ИДМ, ҚР ҚМ, ҚР ҰЖМ, «ҚТЖ»ҰК» АҰ, «KAZLOGISTICS» ҚКО, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Казақавтодор» РМК, «КазДорНИИ» АҚ, «Қазақстанның автожол ассоциацясы» ЗТБ өкілдері және басқалар қатысты.

Отырыс барысында авоткөлік құралдарын сатып алу кезінде сертификацияның болуы қажет (бұдан әрі -АКҚ), РФ аумағында ХЖТ процедурасын пайдалану, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» құрылысының жүруі, көлік саласы объектілердің сервистік инфроқұрылымын дамыту, ҚТЖ желісі бойынша инфроқұрылымдық жобаларды жүзеге асыру кезінде салынған әлеуметтік объектілердің мазмұны (мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер), АТС паркінің тозуы сияқты бірқатар мәселелер талқыланды.

Депутаттарға автокөлік жолдары саласы туралы Инвестиция және даму жөніндегі бірінші вице — министр Жеңіс Қасымбек баяндап берді. Қазақстан үшін бірінші кезектегі міндет ретінде автомобиль жолдарын салуды атап көрсетті, бұл көліктік хабты қалыптастыру тұжырымдамасына сәйкес келеді. Бұл макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Инфрақұрылымдық қаңқа Астана және макроөңірлерді магистаралді автомобиль жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады.

Ж.Қасымбек негізгі автожол жобалары туралы айтқанда «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізге жан-жақты тоқталды.

Қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігіне тоқтала отыра, «KAZLOGISTICS» ҚКО бас директоры К. Е. Альмағамбетов көлік саласындағы проблемалардың ішінде LPI тиімділік индексін арттыру және РФ аумағында ХЖТ процедурасын қолдану қажеттілігін атап өтті.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік банк есебіне сәйкес құрастырылған ҚР логистикалық жүйесін дамыту жөніндегі Ведомствоаралық комиссиямен Қазақстан Республикасының логистикалық жүйесін жақсарту бойынша 2015–2020жж. іс-шаралар жоспарын бекіту қажет.

Сондай-ақ, ол Ресей Федерациясының барлық аумағында ХЖТ процедурасын қолданумен транзитті қайта жаңғырту бойынша шешім қабылдау қажет екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша ведомстволарға келесідей ұсыныстар шығарылды: сала қызметкерлері тарапынан салқын қараушылық фактілерін болдырмау; орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды арттыру, жалпы қолданыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында, ақы төлеуді енгізу; барлық көлік түрлері бойынша көсетілетін қызмет сапасын және сервис-деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу.

Мәжіліс спикері Дариға Назарбаева отандық тасымалдаушыларды қолдау қажеттілігін, отандық автожолдарда сервисті дамыту, тендерлер процедурасын ретке келтіру, сондай-ақ ақылы жолдар механизімін енгізуге ерекше тоқталып, талқыланған мәселелердің қорытындысын жасады.

Анықтамалық:

«KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік Одағы - бұл Қазақстанның көліктік және логистикалық ұйымдар одағы мен ассоциациясы, ҚР көлік логистикасын, ғаламдық транзиттік әлеуетті дамытудың және барлық көлік түрлері синергетикасының қоғамдық үйлестірушісі болып табылады. Көліктік-логистикалық жүйені (КЛЖ)дамыту және жеке -мемлекеттік серіктестікті дамыту бойынша мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасау, заңнамалық және құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, көліктік қызмет көрсету саласында жобаларды іске асыруда KAZLOGISTICS мүшелерін қолдау, аймақта мультимодальдық көлік тасымалын дамыту, логистика саласында инновацияны енгізу бойынша көмектесу, сондай-ақ Қазақстанның КЛЖ әлемдік көлік жүйесіне бірігуіне және алға жылжуына көмектесу «KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік одағының міндеттері болып саналады. Бүгінгі күнде одақтың 550 компаниясының нақты мүшелері болып саналатындар: Globalink Logistics Group, «Трансистема» ХЭК ЖШС, «Кедентранссервис» АҚ, «Казтранссервис» АҚ, «Казтемиртранс» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «АТАСУ» ХЭК ЖШС, «Авиакомпания «SCAT» АҚ, «ЭТК-Транс» ЖШС, Исткомтранс ЖШС, КАО, НО ЮЛ «АПМТ және т.б. Оның құрылтайшылары: «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Қаз ТОА, Қаз Амо, АМЭК, «KTZ -Express».

LPI–Logistics Performance Index — LPI логистикасы тиімділігінің индексі халықаралық, ұлттық немесе өңірлік логистикалық және қоймалық операторлардың, көліктік-экспедиторлық компаниялардың сауалнамасы негізінде есептеледі. Аталмыш сауалнама екі бөліктен құралған: LPI халықаралық индексі (бесбаллдық шкала бойынша сауалнама қатысушылары логистикалық компания қызмет жүргізетін 8 ел қатынасында логистикалық жүйенің тиімділігін көрсететін белгілерін бағалайды) және ішкі индекс (бесбаллдық шкала бойынша сауалнама қатысушылары жұмыс істейтін елдегі логистикалық жүйені бағалайды) анықталады. Осылардың негізінде LPI индексінің интегралдық көрсеткіші мен рейтингке қатысатын әлем елдері ішіндегі орын есептеліп шығарылады.

ҚР логистикалық жүйесін дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы - еліміздің логистикалық жүйесін құру және транзиттік әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге-де нормативтік-құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 2011 жылғы 30 мамырдағы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылды.

Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағының баспасөз қызметі



Тізімге оралу