Жаңалықтар Баспасөз хабарламалары Сұхбаттар және сөз сөйлеулер Фотосуреттер галереясы «Транс Logistics» журналы Бейнегалерея Оқиғалар күнтізбесі

ҚР ҰКП Көлік,логистика және байланыс комитетінің төрағасында мәжіліс өткізілді

19.02.2015

ҚР ҰКП  Көлік,логистика және байланыс  комитетінің төрағасында мәжіліс өткізілді

2015 жылдың 18, ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік, логистика және байланыс комитетінің төрағасы А. У. Маминде мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Н. Н. Логунов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы М. А. Дузбаева, Көлік, логистика және байланыс комитеті төрағасының орынбасары Ю. И. Лавриненко, «KAZLOGISTICS» ҚКО бас директоры Қ.Е.Альмағамбетов, ҚР Инвестиция және даму жөніндегі министрліктің Көлік комитетінің төрағасы А. А. Асавбаев, ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары К.К. Нүркенов, ИДМ Су көлігі басқармасының басшысы К. Н. Тлепов, «Казмортрансфлот» НМСК» ЖШС бас директоры А. Т. Уалиева, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Ұк» АҚ Президенті М. Ю. Ялбачев қатысты.

Мәжіліс барысында РФ ішкі су жолдары арқылы қазақстандық кемелердің өтуі,ҚР құнды Халықаралық кемелік тізбесін құру, атмосфералық ауаға ластанған қалдықтарға төлем өндіріп алу, ҚР теңізші куәлігін беру, Ертіс өзені бойынша ҚР ішкі су көлігінің жүк айналымын арттыру мәселелері талқыланды.

ҚР ҰКП Көлік, логистика және байланыс комитетінің су көлігі жөніндегі шағын комитет төрағасы Николай Васильевич Юдин баяндама жасады. Ол баяндаманы оқу барысында су көлігін одан әрі дамытуға кедергі болатын негізгі проблемалар туралы айтты.

Нәтижесінде 2015 жылғы заңжобалары жұмыс жоспарына, Салық кодексіне, Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар шығарылды, мүдделі тараптардың қатысуымен жұмыс тобын құру ұсынылды.

Анықтамалық:

«KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік Одағы — бұл Қазақстанның көліктік және логистикалық ұйымдар одағы мен ассоциациясы, ҚР көлік логистикасын, ғаламдық транзиттік әлеуетті дамытудың және барлық көлік түрлері синергетикасының қоғамдық үйлестірушісі болып табылады. Көліктік-логистикалық жүйені (КЛЖ)дамыту және жеке -мемлекеттік серіктестікті дамыту бойынша мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасау, заңнамалық және құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, көліктік қызмет көрсету саласында жобаларды іске асыруда KAZLOGISTICS мүшелерін қолдау, аймақта мультимодальдық көлік тасымалын дамыту, логистика саласында инновацияны енгізу бойынша көмектесу, сондай-ақ Қазақстанның КЛЖ әлемдік көлік жүйесіне бірігуіне және алға жылжуына көмектесу «KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік одағының міндеттері болып саналады. Бүгінгі күнде одақтың 550 компаниясының нақты мүшелері болып саналатындар: Globalink Logistics Group, «Трансистема» ХЭК ЖШС, «Кедентранссервис» АҚ, «Казтранссервис» АҚ, «Казтемиртранс» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «АТАСУ» ХЭК ЖШС, «Авиакомпания «SCAT» АҚ, «ЭТК-Транс» ЖШС, Исткомтранс ЖШС, КАО, НО ЮЛ «АПМТ және т.б. Оның құрылтайшылары: «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Қаз ТОА, Қаз Амо, АМЭК, «KTZ -Express».

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы — Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттiк билiк органдары арасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру және өзара тиiмдi әрiптестiктi дамыту үшiн қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiктерiнiң қызметiн ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсiпкерлiк субъектiлерi одағын бiлдiретiн коммерциялық емес, өзiн-өзi реттейтiн ұйым;

Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағының баспасөз қызметі



Тізімге оралу