Жаңалықтар Баспасөз хабарламалары Сұхбаттар және сөз сөйлеулер Фотосуреттер галереясы «Транс Logistics» журналы Бейнегалерея Оқиғалар күнтізбесі

Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту үшін неміс логистиктерінің әлемдік тәжірибелері

23.02.2015

Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту үшін неміс логистиктерінің әлемдік тәжірибелері

2015 жылдың 19, ақпанында Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағы Дуйсбург қ. Duisport AG Басқарма төрағасы Эрих Штааке мырзамен кездесу өткізді. Онда «Казтранссервис» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ, «Казпочта» АҚ және тағы басқа өкілдері қатысты.

Кездесу Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға және Батыс Еуропа бағытында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арқылы Қытайдан тасымалданатын жүк тасуды жүзеге асыруға қатысуға Германия Федеративті Республиканың іскерлік қызғушылылық танытуына байланысты Эрих Штааке мырзаның ынтасымен болды.

Штааке мырза сауданы ұйымдастыру және экономика бойынша дипломы бар маман екенін атауға болады. Университетті бітірген соң белгілі халықаралық концерндерде басшылық қызметінде жұмыс істеді, әсіресе, Bertelsmann AG, Гютерсло, Mitteldeutsche Flughafen AG 2 бақылау кеңесінің төрағасы, Германияның (BVL) логистикалық кәсіпорындардың Федералды бірлестігінің консультативтік кеңесінің мүшесі, Фраунгоферовск материалдық ағын мен логистика институтының (IML) Қайырымдылық кеңесінің мүшесі.

Кездесу барысында екі жақ арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық мәселелері талқыланды. Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағының бас директоры Қанат Есмұнанович Альмағамбетов Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға алдағы уақытта тәжірибе алмасу үшін Дуйсбург портының тәжірибелі қызметіне қызығушылығын білдірді.

Эрих Штааке мырзамен қазіргі кездегі жалпы жүк айналымы 123 млн тонна (2012: 110 млн т) әлемдегі ірі өзен контейнерлі порты болып саналатын Дуйсбург портының қызметі сыйға тартылды. Бүгінгі күні Дуйсбург порты — мультимодальды хаб және тек Еуропада ғана емес, барлық құрлықтағы жүк тасымалдау жүйесіндегі маңызды звено.

Қазақстанның қалыптасуы үшін берілген негізгі ұсыныстардың ішінен Штааке мырза аймақтың транзиттік хабы ретінде көліктік-логистикалық орталықтарды салғанда орынды таңдау кезінде аймақтар бойынша стратегиялық бөлудің қажеттілігін атап өтті (оңтүстік Алматыны дамыту, солтүстік — Астананы дамыту).

Сонымен қатар, «Хоргос» ЕЭА қызметінің болашағы үлкен екенін атап өтті.

Кездесу нәтижесінде екі жақ өзара бірлесе Қазақстан мен Граманияның бизнес -қауымдастықтары арасында іскерлік қатынастарды дамытуға бағытталатын шараларды ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізді. Дуйсбург портының басшылығы арнайы, ағымдағы жылдың мамырында өтетін «Жаңа жібек жолы» 3 халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумына қатысу үшін шақырылды.

Анықтамалық:

«KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік Одағы - бұл Қазақстанның көліктік және логистикалық ұйымдар одағы мен ассоциациясы, ҚР көлік логистикасын, ғаламдық транзиттік әлеуетті дамытудың және барлық көлік түрлері синергетикасының қоғамдық үйлестірушісі болып табылады. Көліктік-логистикалық жүйені (КЛЖ)дамыту және жеке -мемлекеттік серіктестікті дамыту бойынша мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасау, заңнамалық және құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, көліктік қызмет көрсету саласында жобаларды іске асыруда KAZLOGISTICS мүшелерін қолдау, аймақта мультимодальдық көлік тасымалын дамыту, логистика саласында инновацияны енгізу бойынша көмектесу, сондай-ақ Қазақстанның КЛЖ әлемдік көлік жүйесіне бірігуіне және алға жылжуына көмектесу «KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік одағының міндеттері болып саналады. Бүгінгі күнде одақтың 550 компаниясының нақты мүшелері болып саналатындар: Globalink Logistics Group, «Трансистема» ХЭК ЖШС, «Кедентранссервис» АҚ, «Казтранссервис» АҚ, «Казтемиртранс» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «АТАСУ» ХЭК ЖШС, «Авиакомпания «SCAT» АҚ, «ЭТК-Транс» ЖШС, Исткомтранс ЖШС, КАО, НО ЮЛ «АПМТ және т.б. Оның құрылтайшылары: «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Қаз ТОА, Қаз Амо, АМЭК, «KTZ -Express».

Дуйсбург порты, жүк айналымы 100 млн.тоннаны құрайды — бұл Еуропадағы ең үлкен өзен порты, дүние жүзіндегі ең үлкен теңізден алыс орналасқан контейнерлерді тиеу пункті, аптасына 300 жүйелі түрде жүк жіберілеледі, Еуропадағы бірінші нөмірлі теміржол торабы. Дуйсбургтен кез келген өндіріс аймағына жетуге болады және желі үнемі кеңеюде. Теміржолда қызмет көрсететін 20 жуық операторлар мен кәсіпорындар Дуйсбургтегі орталықтың пайдасына шешім қабылдады, әсіресе, көбінде белсенді бағытта Шығыс Еуропа.

Еуропадағы ең үлкен өзен порты Германияның ең батыс теңіз айлағы болып саналады: Дуйсбургте орналасқан көптеген кеме жүретін компаниялар үнемі «Теңіз-өзен» тікелей қатынастарда қысқа арақашықтықта Скандинавияға, Ұлыбританияға және Иберия түбегіне тасымалдауды жүзеге асырады.

Жыл сайын Дуйсбургте өзендерде жүруге қабілетті 2.000 теңіз кемесінде екі миллионға жуық жүк тасымалданады.Өткен шаруашылық жылда «дуйспортта» Еуропаның жетекші логистикалық орталығы ретінде Орталық Еуропа үшін байланыс торабында 712.000 стандарты контейнерлер тиелді. (ТЕУ). «Дуйспорт» құрамдастырылған бағытқа ставка жасайды, бұл теміржол бойынша жеткізілген бокстардың үлесін растайды: 360.000 ТЕУ-ден аса теміржол көлігінің түрі тауардың осы тобында кеме көлігінің түрін қуып жетті. Барлық кеме және теміржол айналымының үлесімінен 30 пайызын контейнер «дуйспортта» бірінші нөмірлі айналым тауар болып саналады.

Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағының баспасөз қызметі



Тізімге оралу