Жаңалықтар Баспасөз хабарламалары Сұхбаттар және сөз сөйлеулер Фотосуреттер галереясы «Транс Logistics» журналы Бейнегалерея Оқиғалар күнтізбесі

ҚХР-ға «KAZLOGISTCS» ҚКО бас директорының ресми іссапары болды

02.03.2015

ҚХР-ға  «KAZLOGISTCS»  ҚКО бас директорының ресми іссапары болды

2015 жылдың 24, ақпанында Пекинде елдер арасында транзитік тасымалдау мәселесін шешу және әрекет етуді үйлестіру мәселесі бойынша Қытай коммуникациялық көлік ассоциациясы төрағасының орынбасары Ван Деронг мырзамен және Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағының бас директоры К. Е. Альмағамбетовтың кездесуі өтті.

Пекиндегі кездесу ҚХР Үкіметімен ұсынылған Жібек жолы экономикалық аймағын құру бойынша концепцияны, жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауындағы ҚР президентімен ұсынылған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын қолдау мақсатында өтті.

Тараптар 2014 жылдың 15 желтоқсанында Астана қаласында өткен Тараптардың өкілдері қатысқан бірінші мәжілістің қорытындысы бойынша, ақпараттармен алмасты.

Бас директор К. Е. Альмағамбетов а.ж.21–22 мамырында Астана қ. «Қазақстан -Жаңа Жібек жолы» ІІІ Халықаралық Көліктік-логистикалық Бизнес-Форумы өтетінін хабарлады. Осыған байланысты қазақстан тарапы қытай тарапын және ҚХР қызығушылық танытатын көліктік-логистикалық компанияларын осы іс- шараға қатысуға шақырады.

Кездесу нәтижесінде Тараптар ҚХР -дан Қазақстанға/ арқылы, Қазақстаннан ҚХР -на/ арқылы контейнерлік тасымалдаудың келешекте дамуына бөгет болатын тосқауылдар талқыланды. Ерекше көңіл ҚХР-Грузия, ҚХР -Түркия бағытындағы контейнерлік тасымалдауды дамытуға бөлінді.

«KAZLOGISTICS» ҚКО бас директоры ҚХР-на ресми сапары аясында «Ляньюнгань — Орталық Азия» бірінші халықаралық контейнерлік поезын іске қосу салтанатына қатысты.

Ляньюньган қаласыны портындағы қазақстандық -қытайлық бірлескен терминал ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Көліктік-логистикалық терминал жұмысы Қазақстанның транзиттік және экспорт — импорттық әлеуетін жоғарылатуға бағытталған.

Анықтамалық:

«KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік Одағы — бұл Қазақстанның көліктік және логистикалық ұйымдар одағы мен ассоциациясы, ҚР көлік логистикасын, ғаламдық транзиттік әлеуетті дамытудың және барлық көлік түрлері синергетикасының қоғамдық үйлестірушісі болып табылады. Көліктік-логистикалық жүйені (КЛЖ)дамыту және жеке -мемлекеттік серіктестікті дамыту бойынша мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасау, заңнамалық және құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, көліктік қызмет көрсету саласында жобаларды іске асыруда KAZLOGISTICS мүшелерін қолдау, аймақта мультимодальдық көлік тасымалын дамыту, логистика саласында инновацияны енгізу бойынша көмектесу, сондай-ақ Қазақстанның КЛЖ әлемдік көлік жүйесіне бірігуіне және алға жылжуына көмектесу «KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік одағының міндеттері болып саналады. Бүгінгі күнде одақтың 550 компаниясының нақты мүшелері болып саналатындар: Globalink Logistics Group, «Трансистема» ХЭК ЖШС, «Кедентранссервис» АҚ, «Казтранссервис» АҚ, «Казтемиртранс» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «АТАСУ» ХЭК ЖШС, «Авиакомпания «SCAT» АҚ, «ЭТК-Транс» ЖШС, Исткомтранс ЖШС, КАО, НО ЮЛ «АПМТ және т.б. Оның құрылтайшылары: «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Қаз ТОА, Қаз Амо, АМЭК, «KTZ -Express».

Қытай көлік ассоциациясы (ССТА) ҚХР барлық көлік түрлерінің ассоциациясын біріктіретін ірі салалық ұйым болып саналады. Конференция жұмысына ассоциацияның Вице-президенті, ҚХР Көлік экс-Министрі — профессор Ванг Деронг қатысты.

Жібек жолының экономикалық белбеуі 3 млрд халықымен 40 елді қамтиды және Азия Тынық мұхит аймағын және Еуропаны жалғастырады. ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің 25 пленарлық мәжілісінде Н.Назарбаев: «Қазақстан өзінің тарихи рөлін қайта жаңғыртып, Орта Азиялық аймақтағы ең ірі іскерлік хабқа, Еуропа мен Азия арасындағы көпірге айналуы тиіс», — деді.

Ағымдағы жылдың 6–8 қыркүйегінде Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин тиісті тараптарды сауда-инвестициялық қызметті жеңілдету үшін тосқауылдарды жоюға шақырды.

Сондай-ақ, Қытай мен Қазақстанға «Жібек жолының экономикалық дәлізін» құру керектігін айтты. Осыдан 2 мың жыл бұрын қытай династиясының уәкілі Хань Қазақстанға екі рет достық пен татулық миссиясымен келген еді. Бұл сапарлар Жібек жолының бағытын шығыстан батысқа, Азиядан Еуропаға ашып, Қытай мен Орта Азияның достық байланысын кеңейтуге себеп болды.

«KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік одағының баспасөз қызметі



Тізімге оралу