Жаңалықтар Баспасөз хабарламалары Сұхбаттар және сөз сөйлеулер Фотосуреттер галереясы «Транс Logistics» журналы Бейнегалерея Оқиғалар күнтізбесі

«Жібек жолы» халықаралық инвестициялық форумы: Азия мен Еуропа арасында тиімді сауда жасау үшін логистиканың жаңа мүмкіндіктерін құру

04.03.2015

«Жібек жолы» халықаралық инвестициялық форумы: Азия мен Еуропа арасында тиімді сауда жасау үшін логистиканың жаңа мүмкіндіктерін құру

Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағының бас директоры К. Е. Альмағамбетов Азия мен Еуропа арасындағы сауда жасау үшін логистиканың жаңа мүмкіндіктерін құру (Дубай (ОАЭ) жөніндегі «Жібек жолы» халықаралық инвестициялық форумына қатысты.

Бұл форумды DP World теңіз терминалдарының ғаламдық желі операторының қатысуымен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырды. Оған 15 елдің 100- ден аса ірі логистикалық компаниялары мен ұйымдары қатысты.

Инвестфорумның барысында шетел инвесторларының қатысуымен ҚР көліктік- логистикалық жүйесін дамыту және транзиттік әлеуетін іске асыру бойынша маңызды жобалар талқыланды. Сарапшылардың бағалауы тыңдалды, осыған орай аймақта 2014 жылы 800 млрд. АҚШ долларынан бастап 1,2 трлн. АҚШ долларына дейін, ал Қытай мен Еуропа арасындағы жол қатынасында жүк тасымалдау көлемі 170 млн. тоннаға дейін сауда көлемінің өсуі болжануда.

Инвестфорум аясында қазақстандық делегация «Джебель-Али» еркін экономикалық аймақта болды. «Джебель-Али» ЕЭА «DPWorld» әлемдік ғаламдық оператор басшылығында. Бұл аймақта кедендік баж және салықтың,капиталдар қозғалысы мен пайданы үлестіруді бақылауды болдырмау режімінде жұмыс істеуші 40 мың квадрат метрден аса шетелден жұмыс күшін жұмылдыратын 9 мыңнан аса компания тіркелген.

Дубайда форум барысында әлемнің ірі көліктік-логистикалық компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізілді. Көліктік -логистикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка елдерінің Hewlett-Packard логистика жөніндегі аймақтық директоры Рональд Клейвит мырзамен, партия ұйымының хатшысы, «ГК порт Ляньюньган» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Чжоу Вэньцзюнмен, Perse International Forwarding Ltd РТВ президенті Парвиз Голабиимен, InterRailHoldingAG директорлар Кеңесінің төрағасы Ханс Райнхардпен, «VPALogistics» Басқарма төрағасы Витаутас Паулюспен, Клайпедск мемлекеттік теңіз порты дирекциясының бас директоры Арвидас Вайткуспен, Иран теміржолының вице-президенті Х.Ашуримен, EtihadRailPJSC (ҚР АШМ -мен серіктес) және Agthiaagriculture өкілдерімен, басқа инвесторлар жанында талқыланды.

Анықтамалық:

DP World (Dubai Port World) тобы

Алты құрлықта Үндістан, Еуропа және Таяу Шығыстағы жаңа жобаларды қосқанда 65 -тен аса теңіз терминалдарында өкілеттілігі бар.

Контейнерлік тасымалдау бойынша жұмыс компанияның негізгі бизнесі болып табылады және жалпы пайдадан үштен аса бөлігін құрайды. 2014 жылы жалпы жүк тасымалы 60 млн. аса ДФЭ құрады. 2020 жылға жүк тасымалы 100 млн аса ДФЭ ұлғаяды.

DPWorld -да бүкіл әлем бойынша құрамында 32 жуық тәжірибелі және кәсіби энтузиастері бар команда жұмыс істейді.

Компания бүгін және алдағы уақытта клиненттерге қажет кезінде сапалы қызмет көрсету үшін үнемі терминалдық инфроқұрылымды, жабдықтар мен персоналды қаржыландырады.

Клиненттерді бағыттау тәсілін қолдана отыра, DPWorld өз клиненттеріне жоғары-деңгейде қызмет көрсетеді. Болашақтағы 20 жылда «Таяу шығыстағы үздік порт» ретінде таңдалып алынған Дубайдағы «Джебель-Али» ЕЭА компанияның флагманы болып саналады.

«Джебель-Али» -де 25% аса Эмираттың жалпы ішкі өнімі шығарылады. ЕЭА -ның дүние жүзі бойынша 25 елде кең терминалдық желісі орналасқан. Былтырғы жылы аймақтың жүк тасымалы 60 млн ДФЭ құрады. ЕЭА арқылы былтыр сауда тасымалы 300 млрд$ құрады.

DP World және ҚТЖ арасындағы қол қойылған келісімге сәйкес халықаралық логистикалық оператор «Хоргос — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын және, Ақтау теңіз портын дамыту бойынша кеңес беру қызметтерін көрсетеді және әлемдік компаниялар үшін жаңа логистикалық шешімдер құрайды. Былтырғы жылдың аяғында DP World-тың үлкен тобы, Ақтау теңіз портының қызметін зерттеді және порттың әртүрлі бөлімшелерінде бизнесті жүзеге асыру үшін 90 аса ұсыныстар жасады.Ұсыныстарды енгізу операциялық қызметтерде көріне бастады. Ақтау порты логистикалық бағыттағы заманауи дамушы жүйе болып саналады.

Қазақстанның «KAZLOGISTICS» Көлік одағының баспасөз қызметі



Тізімге оралу